23 мамыр
16:00
«Болашағымыз жарқын болсын»
Павлодарда осындай атаумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған өңірдегі барлық аудандардың мұғалімдері мен оқушылары, белсенді жастары қатысты. Жиын барысында Елбасы Жолдауы жастарға кеңінен насихатталды, деп хабарлайды осы өңірдегі меншікті тілшіміз Базарқұл Есенбек.
 
Шараға жиналған әрбір азамат өздерін еліміздің ұлтжанды патриоттарымыз деп санайды. Олар Жолдау жүктеген міндеттерді орындау әрбіріміздің парызымыз деп біледі. Жолдауда айтылған бағыттар, әлеуметтік экономикалық жаңғыртудың жыл сайынғы көрінісі, дейді Павлодар облыстық мұсылман әйелдері лигасының төрайымы Бақыт Максалимова.