15 мамыр
20:00
Мұхамеджан Таласов бастаған ақпараттық-насихаттау тобы Ақмола облысына келді
Ақмола облысы Щучье қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетіне Қарулы Күштері Бас Штаб басшысының орынбасары, полковник Мұхамеджан Таласов бастаған ақпараттық-насихаттау тобы келді. Мақсат - Елбасы Жолдауын әскерилер мен жастарға кеңінен түсіндіру. Айтулы шараға бастапқы әскери дайындық мұғалімдері, әскери патриоттық клуб жетекшілері, жалпы білім беретін мектеп оқушылары, ауған соғының ардагерлері қатысты, деп хабарлайды осы өңірдегі меншікті тілшіміз Ерболат Серікбай. Елімізде патриоттық клуб жұмысын жандандыру мәселесіне айрықша көңіл бөлініп отыр. «Осы орайда Астана қаласында алғаш рет әскери патриоттық форум ұйымдастырылмақ, ол үшін клуб ұйымдарының орталығы салынып жатыр», - дейді полковник Мұхамеджан Таласов.