22 мамыр
20:00
«Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясы EXPO 2017 талисман-кейіпкеріне байқау жариялады
Көрменің маскоты ретінде ұлттық мәдениетті дәріптейтін кейіпкер болуы шарт. Өзінің жұмысын кез келген ерікті тұлға 20 маусымға дейін жолдай алады. Олардың ішінен төрешілер 7 дизайн-жобаны іріктеп алады. Финалға өткен жұмыстардың ішінен үздігін жалпы халық болып таңдайды. Сайыстың жеңімпазы EXPO нышанын жасауға келісім алады. Сонымен қатар, халықаралық көрменің талисманына авторлық құқықты бекітеді.