19 мамыр
16:00
EXPO-2017 халықаралық көрмесi нысандарын салу кезінде қауiпсiздiк қатаң бақылауда болады
Бұл туралы бүгiн ҚР Парламентi Мәжiлiсiнде өткен Үкiмет сағатынан кейiн журналистерге берген сұхбатында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлiмдедi. «Астанада құрылыс қарқынды жүргiзiлуде, есесіне адам өлiмiне әкеп
соғатын төтенше жағдайлар туындау мүмкiндiгi де артуда. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi қадағалауды күшейтетін болса, лифтiлер мен көтергiш құралдардағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бiздiң құзыретiмiзге кiредi. ЭКСПО құрылысын қатаң бақылауды қамтамасыз ететiн боламыз. Бұл мiндеттi түрде іске асырылады», - дедi министр. Оның айтуынша, осы мақсатта iс-шаралар жоспары жасалған.