14 мамыр
19:00
EXPO көрме кешеніндегі Қазақстанның ұлттық павильонының құрылысы бір айдан кейін басталады
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім болды.«Астана EXPO-2017» ҰК» көрме кешенінің барлық 26 нысанының құрылысын 26 айдың ішінде жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде халықаралық, корпоративтік және тақырыптық павильондар, тұрғын үй кешендері, мектеп, балабақша, қонақ үй, баспасөз орталығы секілді ғимараттар қамтылған. Құрылыс толығымен 2016 жылдың желтоқсанында аяқталады. Айта кетейік, кешеннің жалпы ауданы 173,4 гектар аумақты қамтымақ.