12 маусым
10:09
Халықаралық көрмелер бюросының туы Астана қаласына ресми табысталды
Демек, «Астана EXPO– 2017» көрмесіне ресми түрде шақыру жіберуге құқылы. Елордада өтетін халықаралық мамандандырылған көрмеге 100-ден астам елдің және он шақты халықаралық ұйымның өкілі қатысады. 2017 жылы халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу үшін таңдап алынған Астана шаһарын бекітетін соңғы рәсім аяқталды. Қазақстандық делегацияға Халықаралық көрмелер бюросының туы ресми табыс етілді. Салатанатты рәсім Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының бас ассамблеясында өткізілді.