19 мамыр
13:00
Инновациялық жобалалар байқауы ұйымдастырылды
Бүгін Ақмола облысында жастар ресурстық орталығы және жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізуге арналған инновациялық жобалалар байқауы ұйымдастырылды. Байқауға «Астана EXPO -2017» акционерлік қоғамы, «Нұр Отан» партиясы, «Жасыл экономика және G-Global дамуы үшін коалициясы» қолдау көрсетті. Көрме түрінде өткен шара барысында өңірдегі жастар мен студенттердің, жас кәсіпкерлердің 42 ғылыми жобасы таныстырылды. «Басты мақсат - жастардың ғылыми әлеуетін арттырып, шығармашылығына қолдау көрсету», - дейді жастар ресурстық орталығының басшысы Тимур Ысқақов.