27 мамыр
13:00
«Өскемен EXPO-2014» көрмесі өтті
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен EXPO-2014» көрмесі өтті. «Жасыл» технология саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер таныстырылған ауқымды шараға 12 елдің өкілдері қатысты. Олардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары, ірі кәсіпкерлер мен ғалымдар және елшілер бар. Мәртебелі меймандар көрмеге қойылған инновациялық жобаларды тамашалап, әуесқой өнертапқыштардың креативті идеяларын тыңдап қайтты. Шығыс Қазақстанның еліміз бойынша «жасыл» экономика саласындағы көшбасшы өңірге айналу мүмкіндігі де мол. Пленарлық отырысқа қатысушылар осындай ой-пікірлерін де айтты. Бұдан соң, олар студентермен кездесті әрі қаладағы ірі зауыттардың жұмысымен танысты. Ал, шетелдік қонақтардың кейбірі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушыларына «EXPO аллеясына» ағаш көшеттерін отырғызуға көмектесті. «EXPO-2017» көрмесіне орай бұл жерде 2017 ағаш отырғызылды.