16 мамыр
18:00
ШҚО-да «Өскемен EXPO-2014» форумына дайындық жүргізілуде
Шара VII Астаналық экономикалық форум аяқталғаннан кейін 23-24 мамырда өтеді. Аймақтық жиында 64 ерікті аудармашы қызмет көрсететін болады. Айта кетейік, бұл форумға белгілі тұлғалар, елшілер, Нобель сыйлығының лауреаттары, әлем ғалымдары келеді. Ал үздік еріктілер елордадағы басты «EXPO-2017» көрмесін ұйымдастыруға қатысады.