11 маусым
20:00
Әлем чемпионатының жұлдыздары: Фернандо Торрес
Испания футболшысының бұл додада жолы бола ма?
12 маусымда Бразилияда футболдан Әлем чемпионаты басталады. Тікелей көрсетілімді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасынан көре алатындарыңызды еске саламыз.
 
Айта кетейік, биыл жанкүйерлер Әлем чемпионатының ең үздік футболшысын Twitter әлеуметтік желісі арқылы таңдайды. Испания футболшыларының бұл додада жолы бола ма? Солардың бірі – Фернандо Торрес.
 

Фернанда Торрес – Испания құрамасының, сондай-ақ, «Челси» футбол клубының шабуылшысы. 1984 жылы Испанияның Фуэнлабрада қаласында дүниеге келген.
 
Ол жеті жасынан бастап, футболмен әуестенеді. 10 жасында «Райо 13» балалар командасына қосылып, бұл құрама сапында 55 гол соғады. Өзін жақсы тек жағынан ғана көрсете білген футболшы «Атлетико Мадрид» командасына шақыртылып, 1995 жылы клубқа қабылданады.
 
1998 жылы Торрес алғашқы жүлдесіне қол жеткізеді. «Nike Cup Europe» турнирінде ерекше көзге түскен ол «Атлетико Мадрид» командасының мерейін үстем етіп, командаға жеңіс сыйлайды. Кейін Еуропаның үздік ойыншысы атанады.
 
1999 жылы шабуылшы «Атлетико Мадрид» командасымен келісімшарқа қол қояды.
 
Ал, 2007 жылы Торрес «Ливерпуль» құрамасының сапына қосылады. Команда ойындарының алғашқы маусымынан-ақ ол Премьер-лигаларда 20 астам гол соғып, Роджер Ханттың рекордын қайталайды.
 
2011 жылдың 31 қаңтарынан бастап, «Челси» футбол клубымен келісімшартқа отырады.
 

Жарақатының салдарынан ол ОАР-да өткен Әлем чемпионатында өзін жақсы ойыншы ретінді көрсете алған жоқ. Алайда, 2012 жылы өткен Еуропа чемпионатында ол Испания құрамасын жеңіске жетелеп, «Алтын бутса» жүлдесін иеленеді.
 
2013 жылы Бразилияда өткен Конфедерация Кубогында үздік шабуылшы атанып, «Алтын бутса» жүлдесіне қол жеткізеді.
 
Торрес Испания құрамасы сапында 107 ойынға қатысып, 37 гол соққан. Оның 82-де жеңіске жетсе, 15 ойында қарсыластарымен тең түскен. 
 
Ал, жалпы карьерасында футболшы 217 гол соққан.
 

2009 жылы жары – Олалье Домингеске үйленеді. Нора есімді қызы және Лео есімді ұлы бар.
 
«Сен тек, біреудің ойында ғана аңыз адам бола аласың. Халық саған сын айтады, сені зерттейді, өзгелермен салыстырады. Алайда, өзіңнің кім екеніңді білген маңызды». © Фернанда Торрес – «Эль Нинью: Менің өмірім» кітабынан үзінді.

Толық аты-жөні: Фернандо Хосе Торрес Санс
 
Бойы: 186 см
 
Салмағы: 70 кг
 
Футбол клубы: «Челси»
 
Нөмірі: 9
 
Лақап аты: Эль Ниньо