12 маусым
18:02
Әлем чемпионатының жұлдыздары: Криштиану Роналду
Ол өз карьерасында 480 гол соққан.
Бүгін әлем назары көз тіккен Бразилиядафутболдан Әлем чемпионаты басталады. Додаға 32 команда қатыспақ. Тікелей көрсетілімді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.
 
Әлем чемпионатында қай футболшының бағы жанады? «Ең үздік футболшы» атануға португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың мүмкіндігі зор.
 

Криштиану Роналду – Португалия құрамасының, сондай-ақ, испаниялық «Реал Мадрид» футбол клубының шабуылшысы. 1985 жылы Португалияның Фуншал қаласында дүниеге келген.
 
Ол футбол тарихында ең қымбат футболшы атанды («Манчестер Юнайтед» клубынан «Реал Мадридқа» ауысу үшін  80 миллион фунт стерлинг төленді). Португалия құрамасының тарихындағы ең үздік шабуылшы (49 гол).
 
2004 жылы Роналду Еуропа чемпионатында ең үздік жас ойыншы атанды. Сондай-ақ, ол Ағылшын Премьер-лигасының чемпионы (2006/07, 2007/08, 2008/09 жылдары).
 
2008 және 2011 жылдары «Алтын бутса» жүлдесін жеңіп алады. 2008 жылы клубтық Еуропа футболында УЕФА нұсқасында ең үздік футболшы және Чемпиондар лигасының ең үздік ойыншысы атанады.
 

Сол жылы Еуропаның ең үздік футболшы ретінде «Алтын допты» иеленеді. Сондай-ақ, әлемнін ең үздік футболшы ретінде «ФИФА-ның Алтын добын» жеңіп алады (2014 жылы).
 
Роналду 8 жасында «Андоринья» әуесқой командасының құрамасында ойнайды. 1995 жылы жергілікті «Насьонал» клубымен келісімге қол қояды.
 
1997 жылы ол Спортинг жастар академиясына түседі. Ол клуб тарихындағы «Спортингтің» барлық құрамасында ойнаған жалғыз футболшы.
 

Роналду «Манчестер Юнайтед» тарихындағы бірінші португалиялық футболшы. 2002/03 жылғы футбол ойыны маусымынан кейін ол осы клубпен келісімшарқа отырады.
 
2008/09 жылғы ойын маусымы ол үшін сәтсіз басталды. «Портсмут» командасымен өткен ойында футболшы Ричард Хьюзді басымен ұрғаны үшін қызыл қағаз алады.
 
Ал, 2009 жылы ол «Реал Мадрид» футбол командасына ауысады. Ол «Барселонаға» қарсы ойында, қарсыластарына 6 гол қатарынан салған «Реалдың» тұңғыш ойыншысы.
 
Роналду ФИФА –ның «Қола добын» (2007 жылы), «Күміс добын» (2009 жылы), «Алтын добын» (2008 жылы) қатарынан жеңіп алған жалғыз ойыншы.
 
Өз карьерасында ол 797 ойынға қатысып, 480 гол соққан.
 
Әулие Мария Вилла-Викоза орденімен (2006 жылы), Инфант орденімен (2014 жылы) марапатталған.
 

2010 жылы оның ұлы дүниеге келді. Футболшы барлық голды ұлының құрметіне арнайды екен. Сондай-ақ, Роналду туған жері Фуншалда өз музейін ашты. Оның өз карьерасында жеңіп алған 126 жүлдесі сол музейге қойылған.
 
«Роналду әлемнің ең мықты футболшысы».
Жозе Моуринью
 
«Роналду – өзге әлемнен келген футболшы. Оның таланттылығына сипаттама беру үшін, сөз табу өте қиын».
Карло Анчелотти
 
«Криштиану – ұлы футболшы. Ол футболшыға тән барлық қасиеттерге ие».
Лионель Месси
 

Толық аты-жөні:Криштиану Роналду душ Сантуш Авейру
 
Бойы: 185 см
 
Салмағы: 80 келі
 
Футбол клубы: «Реал Мадрид»
 
Нөмірі: 7
 

Лақап аты: Ронни, CR7