11 маусым
12:17
Әлем чемпионатының жұлдыздары: Лионель Месси
Ол Аргенитина сенімін ақтай ма?
Ертең Бразилиядафутболдан Әлем чемпионаты басталады. Футбол додасына 32 команда қатыспақ. Тікелей көрсетілімді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport»телеарнасынан көре аласыздар.
 
Биыл «Әлем чемпионатының ең үздік футболшысы» атағы кімге бұйырады? Аргентиналықтар бұл додада кімге сенім артуда? Құрама капитаны Лионель Месси ел сенімін ақтай ала ма?
 

Лионель Месси – Аргентина құрамасының капитаны, каталондық «Барселона» футбол клубының шабуылшысы. 1987 жылы Аргентинаның Росарио қаласында дүниеге келген.
 
Месси – 2008 жылы Олимпиада чемпионы, 2005 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы (турнирдің ең үздік ойыншысы және ең үздік шабуылшысы).
 
2007, 2009 және 2010 жылдары Испания чемпионатында ең үздік ойыншы атанды. 2005, 2007 – 2011 жылдары «Аргентинадағы жылдың үздік ойыншысы» атағын иеленеді. Сондай-ақ, Чемпиондар лигасының үш дүркін чемпионы (2005/06, 2008/09, 2010/11 жылдары). Испания чемпионатының ең үздік шабуылшысы (2010, 2012 жылдары), Чемпиондар лигасының ең үздік шабуылшысы (2008/09, 2009/10, 2010/11, 2011/12 жылдары) және «Барселонаның» үздік шабуылшысы.
 
2009 жылы ол УЕФА-ның шешімімен жылдың ең үздік футболшысы атанады.
 
Еуропаның үздік футболшысы ретінде ол 2009 жылы «Алтын допты» иеленеді. Сондай-ақ, сол жылы Абу-Даби қаласында Месси клубтар арасында Әлем чемпионы атанады.
 
Айта кетейік, ФИФА-ның шешімімен ол 2009 жылы үздік футболшы атанып, «Гауһар доп» жүлдесін жеңіп алады.
 

2011 жылы Месси «2010 жылдағы Әлемнің үздік футболшысы» атағын иемденеді. Алғаш болып, «ФИФА-ның  Алтын добын» алды. Және Криштиану Роналду, Хави сында ойыншыларды басып озып, УЕФА-ның шешімімен «Еуропадағы үздік ойыншы» атағын жеңіп алады. 2012 жылы да ол «ФИФА-ның  Алтын добын» иеленеді.
 
Месси «Алтын допты» төрт рет, «Алтын бутса»жүлдесін үш рет иеленген жалғыз футболшы.  «Барселона» тарихындағы үздік шабуылшы (347 гол), «Эль-классико» тарихындағы үздік шабуылшы (21 гол). Жалпы, өз карьерасында футболшы 468 гол соққан.
 

Ол 5 жасынан бастап, футболмен әуестенеді. Алғашында оны әкесі Хорхе жаттықтырады. Әжесі Селия оның футболшы болғанын қалап, «Грандоли» жергілікті клубына ең алғашқы жаттығуға апарады. Содан бастап, Месси барлық голды әжесінің құрметіне арнайды екен.
 
1995 жылы ол «Ньюэллз Олд Бойз» командасының құрамасында ойнайды. 1997 жылы ол Перудың Достық Кубогын жеңіп алады. Алайда, 11 жасында футболшыға соматропин (гармон өсуі) жетіспейді деген диагноз қойылады. Оған «Ривер Плейт» клубы қызығушылық танытқанмен, оны емдеп-жазуға қажетті қаражатты төлей алмайтынын жеткізеді. Араға екі жыл салып, «Барселона» клубының президенті Калес Решар футболшының талантын көріп, жанұясын Еуропаға көшіп келуіне және Мессидің емделуіне септігін тигізеді. Содан бастап, ол клуб ойыншысы атанады.
 
Месси – БҰҰ Балалар қорының бейбітшілік елшісі.
 

2012 жылы Месси мен Антонелла Рокказзоның ұлы – Тьяго дүниеге келді.
 
Толық аты-жөні: Лионель Андрес Месси
 
Бойы: 169 см
 
Салмағы: 67 келі
 
Футбол клубы: «Барселона»
 
Нөмірі: 10
 
Лақап аты: Лео