10 маусым
20:47
Әлем чемпионатының жұлдыздары: Неймар
Биылғы чемпионатта «Үздік футболшы» атануға бразилиялық шабуылшының мүмкіндігі зор.
Биылғы жылдың басты спорттық оқиғасы – Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионаты.
 
Айта кетейік, чемпионат 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Әлем назарын өзіне аударған бұл футбол додасына 32 команда қатыспақ. Сондай-ақ, жарыс қорытындысында Әлем чемпионатының үздік футболшылары анықталады.
Биылғы чемпионатта «Үздік футболшы» атануға бразилиялық шабуылшының да мүмкіндігі бар.
 

Көпшілікке Неймар есімімен танымал Неймар да Силва Сантос Жуниор – футболдан Бразилия құрамасының, сондай-ақ «Барселона» футбол құрамасының шабуылшысы.
 
1992 жылы Сан-Паулу штатының Можи-дас-Круиз қаласында дүниеге келген.
 
Оның еңбек жолындағы жетістігі 1999 жылы «Сантос» академиясына түскеннен кейін басталады. Футболға шындап кіріскен ол академияда жаттықтырушылар назарын бірден өзіне аударта білді.
 
 2008 жылы ол алғаш «Сантоспен» кәсіби келісімшарқа отырып, 2009 жылдан бастап, құрама сапында ойнайды.   Жалпы, Неймар 103 бразилиялық клубтың ойынына қатысып, 54 гол соқты.
 
2010 жылы алғаш рет Сан-Паулу штатының чемпионатында «Үздік ойыншы» атанады. Сол жылдан бастап, ұлттық құрама сапына шақырылады. Алайда, ОАР-да өткен Әлем чемпионатында Неймар құрама сапында ойнамады. Тіпті, ойыншыларды алмастыратын екінші құрамға да енбеген.
 

2013 жылы Конфедерация Кубогында Бразилия құрамасы чемпион атанып, Неймар «Алтын доп» иегері атанады. Сондай-ақ, бұл ойында шабуылшы «Қола бутса - 2013» жүлдесін де алды.
 
2013 жылы шабуылшы испаниялық «Барселона» командасымен келісімге қол қояды.
 

Неймар әртүрлі қайырымдылық шараларға үнемі қатысып тұрады. Ол 19 жасында әке атанады. Жары – Каролина, ұлы – Давид Лукка.
 
Толық аты-жөні: Неймар да Силва Сантос Жуниор
 
Бойы: 174 см
 
Салмағы: 64 келі
 
Футбол клубы: «Барселона»
 
Нөмірі: 11
 
Лақап аты: Неймарадона, Ней балақай