13 маусым
11:49
Әлем чемпионатының жұлдыздары: Уэйн Руни
Ол бала кезінге бокспен айналқан.
Бразилияның Сан-Паулу қаласында футболдан 20-шы Әлем чемпионаты басталды. Айтулы шараның ашылу салтанаты «Коринтианс» стадионында өтті.
 
Айта кетейік, тікелей көрсетілімді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан және «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.
 
Футбол додасының қорытындысында Әлем чемпионатының ең үздік ойыншысы анықталады. Бұл жарыста Англия құрамасының шабуылшысы ел сенімін ақтай ала ма?
 
 

Уэйн Руни – Англия құрамасының және «Манчестер Энайтед» футбол клубының шабуылшысы. 1985 жылы Англияның Ливерпуль қаласында дүниеге келген.
 
Көпшіліктің пікірінше, ол - ағылшын футболының үздігі.
 
10 жасынан бастап «Эвертон» жастар академиясының атынан түрлі ойындарға қатысады. 2004 жылы «Манчестер Юнайтед» командасына ауысады. Және дәл осы жылы ол «Уазза» лақап атын иемденеді.
 
Ол Премьер-лиганың 5 чемпиондық атағын, екі Футбол лигасының кубогын жеңіп алады. Сондай-ақ, ол УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
 
Руни Кәсіпқой футбол қауымдастығының шешімімен үздік ойыншы атанса, Футбол журналистері қауысдастығының шешімімен «2010 жылдың үздік ойыншысы» болды. «Манчестер Юнайтед» тарихында ол үздік шабуылшылар тізімінде – 3-ші орында (200-ден астам гол).
 

2003 жылы ол алғаш рет Англия құрамасының атынан алаңға шығады. Бүгінде ол жалақысы жоғары 5 футболшының қатарында. 2013 жылы Англияның ең бай футболшысы атанды.
 
Өз карьерасында Руни 679 ойынға қатысып, 315 гол соққан.
 
Бала кезінге ол бокспен айналысады. «Үздік футболшы болу үшін маған үлкен мүмкіндік берілді. Сондықтан, боксты тастап кеттім», - дейді ол.
 
2011 жылы ол шашының ерте түсуіне байланысты өзіне ота жасатады.
 
Руни екі ұлдың (Кай Уэйн және Клей Энтони Руни) әкесі.
 
«Руни – үлкен талант иесі. 20 жыл ішінде мен ол сияқты жақсы футболшыны көрген емеспін».
Арсен Венгер.
 
Толық аты-жөні: Уэйн Марк Руни
 
Бойы: 176 см
 
Салмағы: 82 келі
 
Футбол клубы: «Манчестер Юнайтед»
 
Нөмірі: 10
 
Лақап аты: Уазза