26 маусым
10:00
Аргентина құрамасы Нигерия футболшыларын ұтты
Аргентина құрамасы топтық кезеңнің соңғы ойынында Нигерия футболшыларын 3:2 есебімен ұтты. Бұл матчта Лионель Месси мен Ахмед Мұса дубль авторы атанды. Ал жеңіс голын аргентиналық қорғаушы Маркос Рохо соқты. Бұл ойыннан кейін екі құрамада 1/8 айналымға өтті. Аргентина 9 ұпаймен өз тобынан бірінші орынмен шықты. Ал төрт ұпай жинаған Нигерия құрамасы екінші орынды иеленді.