24 маусым
10:11
Бразилия құрамасы Камерун футболшыларын 4:1 есебімен ұтты
Бразилия құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойында Камерун футболшыларын 4:1 есебімен ұтты. Есепті бірінші таймда Неймар ашты. Бұл – Әлем чемпионатындағы 100-ші гол болды.
 
Араға бірнеше минут салып Жоэль Матип есепті теңестірді. Тең нәтиже ұзаққа созылмады. Неймар үзіліске дейін өз командасын тағы да алға шығарды.
 
Ал екінші таймда Фред пен Фернандинью мергендік танытып, кездесуді қорытындылады. Бразилия құрамасы өз тобынан бірінші орымен плей-офф жолдамасын алды. Луис Фелипе Сколари шәкірттері 1/8 айналымда Чили құрамасымен кездеседі.