26 маусым
18:00
Бүгін Алжир мен Ресей құрамасы плей-офф кезеңінің жолдамасына таласады
Осы кезеңге өтуі үшін Ресейлік футболшыларға бүгінгі ойында үш ұпай қажет. Алжир футболшыларын бүгінгі матчта тең нәтиже қанағаттандырады. Ал, Ресей құрамасы жеңіске жетпеген жағдайда Әлем чемпионатының ең қымбат бапкері өз қызметін жалғастыруы екіталай. Алжир мен Ресей матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Матч Астана уақытымен сағат түңгі 2-де басталады. Сонымен қатар, футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңінің соңғы жарыс күнінде Оңтүстік Корея мен Бельгия құрамасы кездеседі. Бұл ойын да Астана уақытымен түңгі сағат 2:00-де басталады.