23 маусым
09:00
Бүгін Нидерланд пен Чили құрамалары кездеседі
Бүгін В тобының көшбасшылары Нидерланд мен Чили құрамалары бірінші орынға таласады. Бұл топта екінші турдың қорытындысы бойынша барлығы анықталды. Өйткені, бұл ойынның жеңімпазы 1/8 финалда Мексика немесе Хорватия құрамаларымен кездесуі мүмкін.
 
Ал екінші орынға ие болған команданы бразилиялық футболшылар күтпек. Луис Фелипе Сколари шәкірттерінің соңғы ойында Камерун футболшыларын жеңетініне күмән келтіретіндер аз. Луи ван Гал бүгінгі ойынға тактикалық өзгеріс енгізуі ықтимал. Өйткені, негізгі құрамның ойыншылары Робин ван Перси мен Бруно Инди алаңға шықпайды.
 
Бұл матч түнгі сағат 2:00-де басталады. Дегенмен, жанкүйерлер үшін Нидерланд-Чили кездесуін тамашалау аса қызықты болмақ. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы бұл ойынды Астана уақытымен 22:00-де тікелей эфирде көрсетеді.