10 маусым
08:48
Тікелей эфирде - Жандарбек Бұлғақов
«Түнгі тілдесу» хабарының қонағы.
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов «Түнгі тілдесу» хабарында қонақта болып, сұхбат берді.
 
Сұхбат ә дегеннен қайым айтыстан басталды.
 
Әсел Ергеш:
Жандарбек, студияға қош келіпсің,
Домбыраң жоқ, екі қолың бос келіпсің.
 
Жандарбек Бұлғақов:
Домбырам болмаса да, мың рахмет,
Ақын деп Жандарбекті ескеріпсің.
 
Сұхбат барысында ақын тың жаңалықтарымен бөлісті. Алдағы уақытта Жандарбек телеарналардың бірінде бағдарлама тізгінін ұстап, хабар жүргізбек.
 
«Алайда, бұл - айтыстап алыстап кетеді деген сөз емес», - дейді ақын.
 
Хабарды жүргізген – Әсел Ергешқызы.