25 маусым
09:05
Тікелей эфирде - Жәнібек Мұсаев
«Өнерім-өмірім» хабарының қонағы
Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының белді актері Жәнібек Мұсаев Қазақ радиосында қонақта болып, сұхбат берді.
 
Айта кетейік, Жәнібек Мұсаев 1978 жылы 12 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Ж.Ералиев ауылында дүниеге келген.
 
«Менің сүйікті пәнім математика болатын. «Математик болам» деуші едім», - дейді актер.
 
Хабарды жүргізген – Ғалия Есқұлова.