28 маусым
12:00
Күндізгі жаңалықтар

Тақырып бойынша жаңалықтар

Үкімет
 
Жаңа Үкімет қаулысы қабылданды
Үкіметінің  қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағынан қара металдардың  қалдықтары мен сынықтарын әкетуге уақытша тыйым салынды. Осы қаулы 2014  жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Сондай ақ Үкімет  қаулысымен мектепке дейінгі және орта білім беру саласындағы мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілді. Қаулының толық мәтіні  республикалық ресми БАҚ-та жарияланды.
 
Қоғам
 
«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті
Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтті. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының негізгі ережелерін жүзеге асыру мақсатында өткізілген шараға өз кәсібін бастауға ниет еткен азаматтар мен кәсіпкерлер қатысты. Өткен жылы  аталған бағдарламаға бірқатар өзгеріс енгізілген болатын. Шара барысында осындай өзгерістер, яғни, несиелерді кепілдендірудің жаңа жүйесі, экспресс-кепілдемелер сынды бағдарламаның жаңа тетіктері туралы толық мағлұмат берілді.  «Мемлекеттік органдар, кәсіпкерлікті дамыту институттары мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері көкейімізде жүрген сұрақтарға жауап берді», — дейді қабылдау күніне келген қала тұрғыны Динара Базарғалиева. 
 
Жаңа мешіт пайдалануға берілді
Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Дөңгілағаш ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді, деп хабарлайды осы өңірдегі меншікті тілшіміз Ерболат Серікбай.