28 маусым
14:00
Күндізгі жаңалықтар

Тақырып бойынша жаңалықтар

Әлемде

 

Үндістанда газ құбыры жарылды

Үндістанда Андхра-Прадеш штаты арқылы өтетін газ құбыры жарылып, өрт шықты. Соның салдарынан кемінде 13 адам қаза тапты, деп хабарлады РИА «Новости». Құтқарушылар қызметі құрбандарды іздестіруді жалғастыруда. Ондаған үйлер жанып кетті. Билік жақын маңдағы ауыл тұрғындарын шұғыл қауіпсіз жерге көшіре бастады. Газ құбырындағы өртті ауыздықтау үшін бірнеше сағат кетті. Жарылыстың неден болғаны белгісіз. Хабарламалардың біріне қарағанда, ызалы жергілікті тұрғындар жақын маңдағы мұнай өңдеу зауытына шабуылдаған. Олар тас лақтырып, мүлікті зақымдаған.

 
Қарағанды қаласының әкімі тағайындалды

Қарағанды қаласының әкімі тағайындалды. «Бүгін өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков Қарағандының жаңа әкімі Нұрлан Әубәкіровті таныстырды», - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Ол бұған дейін Балқаш қаласының әкімі қызметін атқарған. Қала басшысының кандидатурасы ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілді және қалалық мәслихат депутаттарының мақұлдауына ие болды. Н. Әубәкіров 1975 жылы 29 желтоқсанда дүниеге келген. Бұдан бұрын қаланың Тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы  Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі міндеттерін атқарған. 2012 жылдан бастап Балқаш әкімі болды.

ӘЧ ойындарының 1/8 финалға жолдама алған құрамалар анықталды
Бразилияда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, 1/8 финалға жолдама алған құрамалар анықталды. Испания, Италия, Португалия топтық кезеңнен шыға алмады.