28 маусым
11:00
Таңғы жаңалықтар

Тақырып бойынша жаңалықтар

Ресми оқиғалар
 
Елбасы «Әлем» балетінің премьерасын тамашалады
Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен «Әлем» балетінің премьерасын тамашалады. Премьера Астана күнін мерекелеуге арналған шаралар аясында өтті. Бір актілі «Әлем» балеті «Astana Ballet» ұжымы репертуарындағы заманауи хореография стилінде қойылған алғашқы ірі қойылым.  Оның қоюшы-хореографы ресейлік әйгілі балетмейстер – Никита Дмитриевский.
 
Қоғам
 
Бүгін қасиетті Рамазан айының алғашқы күні
Бүгін, 28 маусым - Рамазан айының алғашқы күні.  Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын осынау ай игі мұсылман қауымының бас ұратын бес парызының бірі. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы - бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді. Ораза 30 күнге жалғасып, 27 шілде күні аяқталады.
 
 «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының I форумы өтіп жатыр
Бүгiн Астана қаласында «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының I форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz. Форум жұмысына елiмiздiң әр түпкiрінен 400-ден астам делегат қатысуда. Шараның басты мақсаты – ел халқын «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыруға жұмылдыру. Форум барысында «Қазақстан 2050» стратегиясының мақсат-мiндеттерiн жүзеге асыруға бағытталған қозғалыстың түрлi жобалары талқыланды. 

Әлем

Тикрит қаласында төрт күн ішінде 160 тұтқынды қырып салды
«Ирак пен Леванта Ислам мемлекеті» тобының содырлары елдің солтүстігіндегі Тикрит қаласында төрт күн ішінде 160 тұтқынды қырып салды, деп хабарлайды РБК. 
 
Қазақстан 193 елдің ішінен 28-ші орынға жайғасты
Біріккен Ұлттар Ұйымының электрондық үкіметті дамыту жөніндегі рейтингісіне сәйкес Қазақстан өзінің көрсеткішін 10 позицияға жақсартып, 193 елдің ішінен 28-ші орынға жайғасты. Бұл туралы ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Электрондық үкіметті дамыту индексінің адами капиталдың, телекоммуникациялық құрылымның және онлайн-қызметтің көрсеткішінен құралатынын айтып өту керек. Бүгінгі күні республика тұрғындарының компьютерлік сауаттылық көрсеткіші 63,2% құраса, кең жолақты интернетке қолжетімділік деңгейі 67,6% құрап отыр. Ал, электрондық үкіметтің қалыптасқан инфрақұрылымы қазақстандықтардың электрондық үкімет порталы арқылы 570 қызмет пен сервистерді алуына мүмкіндік береді. 

Мәдениет

Мейрамбек Бесбаевтың «Құс қанат ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтеді
Астананың 16 жылдығын мерекелеу қарсаңында белгілі қазақстандық әнші Мейрамбек Бесбаевтың  «Құс қанат ғұмыр» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылады. Кеш 5 шілдеде  өтеді. Оның бағдарламасында әнші халық сүйіп тыңдайтын өзінің шығармашылық жолындағы әндерді орындайды. Сондай-ақ, концертке кеш қонақтары өнер қайтаркері Алтынбек Қоразбаев, отандық эстрада жұлдыздары Тоқтар Серік, Жанар Айжанова, Сандуғаш Стамғазиева және Мөлдір Әуелбекова мен «МузАрт» және «Тарту» топтары қатысады

Спорт

«Гран-при Испания» XIV халықаралық турнирі өтеді
5  шілде күні Мадридте грек-рим күресінен «Гран-при Испания» XIV  халықаралық турнирі өтеді. Қазақстан құрамасы аталған турнирге бірінші  нөмірлі палуандарын қатыстырады. Олардың ішінде   Алмат Кебіспаев, Ербол Коңыратов, Асхат Жаңбыров, Мақсат Ережепов, Досжан Кәртіков, Азамат  Күстібаев, Нұрсұлтан Тұрсынов,  Жанарбек Қабдолов, Ерұлан Ысқақов бар.