22 наурыз
14:00
Атырауда Наурыз мерекесінде киіз үй тігуден рекордтық көрсеткішке қол жетті

Тақырып бойынша жаңалықтар

Атырауда Наурыз мерекесінде ықшамаудандарда киіз үй тігуден рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді - мұнда шамамен 150-ге жуық киіз үйлер орнатылған. Басты мерекелік шаралар Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда өтті. Мейрамды тойлатуға бұл жерге мыңдаған атыраулықтар мен қала қонақтары жиналды. «Бұл шынымен де бүкілхалықтық мереке, тепе-теңдік күні, барлық адамдар мен табиғаттың үндескен күні», - деді көпшілік қауымды мерекесімен құттықтаған облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов. Мерекелік шарада алаңға жиналған көпшілік қауымнан жастар арқан тарту, күрес сынды ұлттық ойын түрлерінен өзара сайысқа түссе, егде жастағылар шахмат ойнап жарысты, ал балалар алтыбақан тебудің қызығына тоймады.