25 наурыз
13:00
Берлинде он елшіліктің ұйымдастыруымен әз Наурыз мейрамы аталып өтілді

Тақырып бойынша жаңалықтар

Берлинде он елшіліктің ұйымдастыруымен әз Наурыз мейрамы аталып өтілді. Мерекеге Федералдық үкіметтің және Бундестагтың, қоғамдық-саяси, іскер құрылымдардың, дипломатиялық корпустың, Германияның сараптамалық топтарының өкілдері қатысты. Қазақстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Қырғыз Республикасының Пәкістан, Тәжікстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстан елшіліктерінің өкілдері өз қолөнерімен, салт-дәстүрімен, ұлттық жабдықтарымен жиналған қауымды тәнті етті. Сонымен қатар олар өз елдерінде танымал ұлттық тағамдарын көпшілікке ұсынды. Ұлыстың ұлы күні болған шара 10 мемлекет өнер ұжымдарының мерекелік концертімен жалғасты.