26 наурыз
16:00
Биыл Өскеменде шағын отбасыларға арналған жаңа жатақханадан бір топ жас отбасылар пәтер кілтіне ие болды

Тақырып бойынша жаңалықтар

Биылғы Ұлыстың ұлы күні мерекесінде «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясында Өскеменде бой түзеген, шағын отбасыларға арналған жаңа жатақханадан бір топ жас отбасылар салтанатты түрде пәтер алды, деп хабарлайды осы өңірдегі тілшіміз Дәулет Бақытбекұлы. Жаңа баспана облыс орталығындағы 19-шы ықшам ауданда салынған. Салтанатты жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жүрекжарды тілегін айтып, отбасыларға көптен күткен үйлерінің кілтін тапсырды. Биыл Шығыс Қазақстанда тағы 70 отбасы баспаналы болмақ. Олардың ішінде жас отбасылар, әлеуметтік салада қызмет істейтін мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер және құқық қорғау саласының мамандары бар. Пәтер кілтін алғашқы болып алғандардың бірі - өскемендік Айжан Құсайынова.