25 наурыз
16:00
Қызылордада қаржы полициясының өкілдері Наурыз мейрамын Сәбилер үйінде атап өтті

Тақырып бойынша жаңалықтар

Қызылордада қаржы полициясының өкілдері Наурыз мейрамын Сәбилер үйінде атап өтті. Бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасын тамашалаған полицейлер әр тәрбиеленушіге ойыншықтар мен тәттілер таратты. Бұған қоса, облыстық Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшылығы Сәбилер үйіне теледидар, шаңсорғыш, қысқа толқынды пеш секілді қажетті техникалық заттарды сыйға табыс етті.