25 наурыз
12:00
Наурыз мерекесі Түркияның Ескішаһар қаласында кеңінен аталып өтілді

Тақырып бойынша жаңалықтар

Наурыз мерекесі Түркияның Ескішаһар қаласында кеңінен аталып өтілді. Қазақстан Елшілігі орталық алаңда киіз үйін тігіп онда халқымыздың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарынан сыр шертетін көріністерді және жабдықтарды көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар осы елдегі қандастарымыз ұлттық тағамдарды таратты.Өз сөзінде Елші Жансейіт Түймебаев Түркияда Наурызды тойлау мәртебесі артуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ол осы мейрам Астана мен Анкара арасындағы мәдени байланысты нығайта түсуге ықпал ететінін жеткізді.Шара барысында Қазақстанның жетістіктері жайындағы фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды.