07 мамыр
16:00
Ақтөбелік полицейлер Отан қорғаушылар күніне орай 50 жаңа автокөлік мінді
Көліктер облыстың ІІД, жол полициясы, аудандық бөлімшелер қызметкерлеріне берілді, - деп хабарлайды қазақпарат. Мерекелік шараға жергілікті атқарушы органдар, Ақтөбе әскери гарнизоны, құқық қорғау органдарының өкілдері, Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы әскери институтының курсанттары қатысты. Жиналған қауымды облыс әкімі Архимед Мұхамбетов айтулы күнмен құттықтады. Өз сөзінде өңір басшысы алдағы уақытта да қоғамдық тәртіп күзетін жақсарту мақсатында құқық қорғау органдарының жұмысын одан әрі нығайту мен жақсартуға бағытталған шаралар атқарыла беретіндігін айтты.