07 мамыр
11:00
Бүгін - Отан қорғаушылар күні
Бүгін қазақстандықтар Отан қорғаушылар күнін атап өтуде. 1992 жылдың 7 мамырында Мемлекеттік қорғаныс комитеті ҚР Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы Жарлығы шығып, соған орай бұл күн Отан қорғаушы күні деп анықталған болатын. Ал атаулы күн мемлекеттік мереке ретінде алғаш рет елімізде өткен жылы тойланған еді. Ел тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан әсерилердің абыройын асқақтататын мерекені ел аймақтары биыл да ерекше сән-салтанатпен тойлауда. Ал бас шаһарда Отан қорғаушылар күніне орай «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда ҚР Қарулы Күштерінің әскери шеруі өтуде. Шараға 2,5 мыңнан астам адам қатысып, 250 техника бірлігі мен 75-тен астам ұшу апараты жұмылдырылған. Мерекелік іс-шараға шеру тобы, әскери техника, қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар министрліктерінің авиациясы, сондай-ақ ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі, ҚР Республикалық гвардиясы қатысуда.
 
Дәл қазір «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңнан әріптесім Ләззат Ноғайбай әскери шеру мен онда болып жатқан мерекелік шаралар туралы телефон арқылы хабарлайды.