06 мамыр
19:00
Бүгін Елбасы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды
Бүгін Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаев «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Құжат негізінде бірқатар әскерилерге генерал-лейтенант, генерал-майор, Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, қаржы полициясы генерал-майоры, сыртқы барлау генерал-майоры, полиция генерал-майоры арнаулы атақтарымен қоса 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілген.