07 мамыр
16:00
Қабанбай батырдың ескерткіші ашылды
Өскеменде мерекеге байланысты Қабанбай батырдың ескерткіші ашылды. Шаһарға кіреберісте орнатылған тас мүсін халық бірлігі мен ынтымағы үшін шайқасқан көрнекті қазақ қолбасшысының ерлігін паш етеді. Биіктігі 6 метр болатын ескерткіштің авторы - Нұрлан Далбай. Салтанатты рәсімге белгілі қоғам қайраткерлері Несіпбек Айтұлы, Ұлықбек Есдәулет, Секен Тұрысбеков, Камал Әбдірахманов және Мәдениет министрлігінің өкілдері қатысты. Мерекелік шара қалалық ипподромда өз жалғасын тапты. Онда ат спортының ұлттық түрлері бойынша жарыс өткізілді.