07 мамыр
13:00
Отан қорғаушылар күні Алматыда да ерекше көңіл-күймен мерекеленуде
Шаһардағы 28 панфиловшылар саябағында өткен шараға Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, әскерилер, әскери жоғары оқу орындарының курсанттары, мектеп оқушылары мен қала тұрғындары және қонақтары қатысуда. Мереке аясында қаладғы «Мәңгілік алау» жанында мектеп оқушыларының Еске алу вахтасының ашылу рәсімі өтті. Мәдени шараның басында отставкадағы полковник Ким Серікбаев бастаған әскерилер құрамы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Кейін отставкадағы және қызметтегі офицерлер алдында Құрлық әскерлерінің Алматыдағы әскери институтының, Шекара қызметі академиясының курсанттары сап түзеп салтанатты шерумен өтті.