07 мамыр
15:00
Отан қорғаушылар күні Көкшетауда да ерекше көңіл-күймен аталып өтілуде
Мерекелік шараның шымылдығы «Тәуелсіздік» алаңына орнатылған екі үлкен экраннан онлайн көрсетілім арқылы Елордадағы ҚР Қарулы күштерінің әскери шеруін тамашалаумен ашылды. Салтанатты шараға қатысқан өңір басшысы Қосман Айтмұхаметов барша ақмолалықтарды мерекелерімен құттықтады. «Бұл мереке бейбітшілік құндылықтарын қадірлейтін, жоғары патриотизмді асқақтататын, бірлікті еңселендіретін, ынтымақты жарастыратын айшықты оқиға екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан, Отан қорғаушылардың қыр-сыры мол әскери қызметтеріне табыс тілеп, өмірдің ізгілікке толы биігіне көтеріле берсін дегім келеді», - деді өз сөзінде облыс әкімі.