07 мамыр
11:00
Жандос Баянбаев мерекемен құттықтады
Қазақстандық әскерилердің кәсіби мерекесіне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада қызметтік парызын абыроймен атқарған әскерилерге мемлекеттік марапаттар мен шендер табыстады. Салтанатты рәсімде 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталғандардың бірі - ҚР «Ұлттық ұланы» «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы 7552 әскери бөлімі атқыштар батальонының бөлімше командирі Жандос Баянбаев. Аса қауіпті қылмыскердің қашуына жол бермегендігі наградталған Жандос Отаны үшін от кешуге дайын екендігін айтады.