23 маусым
13:13
«Алтын дауыс» иегері анықталды
Журналистер күні мерекесіне орай www.kaztrk.kz порталы ұйымдастырған «Алтын дауыс» байқауы мәреге жетті. Атаулы додаға ұлттың үнжариясы – Қазақ радиосы мен «Шалқар ұлттық арнасынан, сондай-ақ «Астана» жастар радиосы мен «Classic» радиосынан 30 үміткер қатысып, бақ сынады.
 
Интернет қолданушылар арасында көп дауысқа ие болған Қазақ радиосының жүргізушісі Мұхамедәлі Болатұлы (3985 дауыс) топ жарып, «Алтын дауыс» иесі атанды.
 
Айта кетейік, «Алтын дауыс» - www.kaztrk.kz порталының үздік радио журналистері арасында ұйымдастырған алғашқы жобасы. Мақсаты - сөз саптауымен, әсем үнімен тыңдармандарын тәнті еткен радио жүргізушілерін анықтап, елге таныту, бұқаралық ақпарат құралдары арасында өлшеусіз үлес қосып келе жатқан үздік радиожүргізушілерді насихаттау.
 
Байқау жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін болады.
 
Байқауға қатысқан үміткерлер тізімі:
 
1.      Мұхамедәлі Болатұлы – 3985 дауыс
 
2.      Дәрия Сағындыққызы – 3800 дауыс
 
3.      Мәдина Махамбетқызы - 2103 дауыс
 
4.      Гүлнұр Омарханқызы – 2054 дауыс
 
5.      Әйгерім Оралбекқызы – 1711 дауыс
 
6.      Жанболат Шәкім - 656 дауыс
 
7.      Салтанат Арықбаева - 258 дауыс
 
8.      Гүлім Байгереева - 226 дауыс
 
9.      Айгерим Дюзикенева - 200 дауыс
 
10. Әсел Ергешқызы - 184 дауыс
 
11. Мөлдір Жанбаева - 147 дауыс
 
12. Айнұр Шәмшейтова – 140 дауыс
 
13. Жазира Амантайқызы - 129 дауыс
 
14. Ләззат Ноғайбай - 122 дауыс
 
15. Әлібек Абдилов - 133 дауыс
 
16. Рита Сарсен - 115 дауыс
 
17. Назира Сұлтанмұратқызы - 84 дауыс
 
18. Ләззат Тиышбекқызы – 67 дауыс
 
19. Лаура Омарқызы - 65 дауыс
 
20. Карина Абдуллина - 58 дауыс
 
21. Мейрам Сапарғали - 45 дауыс
 
22. Айсауле Бейсенхан - 35 дауыс
 
23. Мұхамедияр Рашай - 35 дауыс
 
24. Наталья Горячева - 29 дауыс
 
25. Гүлнара Тәжібаева – 24 дауыс
 
26. Жанна Чуланова - 23 дауыс
 
27. Мұхтар Тұртайұлы – 19 дауыс
 
28. Эльвира Мұсахан – 18 дауыс
 
29. Рүстем Жүніс – 13 дауыс
 
30. Маргарита Киселева – 30 дауыс