28 маусым
12:37
Астана – Мәскеу халықаралық радиокөпірі өтті
Бүгін Қазақ радиосында сағат 12.06-да Астана – Мәскеу халықаралық радиокөпірі өтті. Радиокөпірдің тақырыбы – «Қазақстан мен Ресей мәдениеттерінің интеграциясы: динамика және векторлар».
 
Шара барысында мәдениеттің өзара үндесуі және мәдени-гуманитарлық серіктестіктің перспективалары мен бағыттары турасында сөз болды.
 
Радиокөпірге Қазақстан тарапынан «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының музыкалық директоры және бас дирижеры – Абзал Мұхитдинов, ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет және өнер істері жөніндегі комитет жетекшісінің міндетін атқарушы Райымқұлова Ақтоты қатысты.
 
Ал, Ресей тарапынан Щепкин атындағы Жоғары театр училищесінің ректоры Борис Любимов,  Д.Лихачева атындағы Мәдени және табиғи құндылықтардың ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Сергей Житенёв қатысты.