28 маусым
12:00
Балдаурен лагері аз қамтылған отбасы балаларын қабылдады

Маңғыстау облыстық «Балдаурен» лагері Мұнайлы, Қарақия аудандары мен Жаңаөзен қаласынан аз қамтылған отбасы балаларын қабылдады. Олар демалыс орнында екі апта демалады. Осы өңірдегі меншікті тілшіміз Айман Нұрмағанбеттің хабарлауынша, сауықтыру орталығында    асыраушысынан айырылған, көп балалы отбасыдан шыққан және жартылай жетім балалар тегін демалады. «Балдәурен» жаз мезгілінде балалардың үш легін қабылдайды. Мұнда балғындардың қауіпсізідігін арнайы мамандар қамтамасыз етеді. Мәселен, мұнда медбике, суда құтқарушылар мен көк айдында жүзуді үйретушілері бар. Сондай-ақ 8 тәрбиеші бағдарламаға сай мерекелік және танымдық шаралар өткізеді. Солардың бірі аға тәрбиеші Нұрбек Өтегенов.