27 маусым
10:00
Мұнай-газ саласындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын аяқтады
Атырау мұнай және газ институтында «Мұнай-газ саласының ғылыми технологиялық және экологиялық мәселелерін математикалық модельдеу» тақыбырында өткен Қазақстан-Ресей халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын аяқтады. Меншікті тілшіміз Бақытгүл Бабаштың хабарлауынша, ауқымды шараға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Өзбекстан елдерінен үш жүзге жуық ғалымдар мен өндіріс мамандары қатысқан. Конференция барысында 185 ғылыми баяндама тыңдалды. Айта кетсек, мұнай-газ саласы мәселелерін зерделейтін ғалымдардың бұл басқосуы биыл 16-шы рет өтіп отыр.  Ұлттық ғылым академиясының академигі Нәдір Нәдіровтің айтуынша, конференцияға қатысушылар мұнай-газ саласының қазіргі заманғы жағдайы мен дамуын, маңызды бағыттарын математикалық модельдеу тұрғысынан қарастыру жайын зерделеген. 
 
Нәдіров Нәдір, Ұлттық ғылым академиясының академигі 
Жыл сайын мұнай кен орындары үлкен тереңдіктен ашылып отыр. Үлкен қысым, үлкен температура. Сондықтан да сол мұнайды үлкен тереңдіктен шығару үшін ғылымның көмегі керек, жалғыз мұнайшылардың ғылымы жетпейді. Он алты жыл бұрын Ұлттық академияның академигі Бақытжан Жұмағұловтың инициативасымен халықаралық конференция ашылды. Математика модельдерін қалай пайдалану керек, мұнайды көбірек шығарып, өңдеу, пайдалану методтарын қалай ашу керек? Он алты жыл ішінде көзіміз жетіп отыр.