16 маусым
17:00
Оралда тоғызқұмалақтан республикалық турнир аяқталды
 «Суперлига» деп аталатын бұл сайыстың ерекшелігі тоғызқұмалақ тақтасына еліміздегі ең мықты деген 8 ойыншы отырды. Екі мәрте әлем чемпионы Әсел Далиева, әлем біріншілігінің жеңімпаздары Ғалымжан Темірбаев пен Серік Ақтаев, Азия чемпионы Диана Кенина, әлем чемпионатының жүлдегерлері Нұрбек Қабиев пен Сайлан Матылов, Азия біріншілігінің жүлдегері Жанат Қаймулдин мен Ақшолпан Айғалиевтер арасындағы тартысты ойын үш күнге созылды. Айналма жүйесі бойынша өткен бәсекеде ақтөбелік Нұрбек Қабиев топ жарды. Павлодарлық Жанат Қаймулдин мен шымкенттік Әсел Далиевалар жүлделі орындарды өзара бөлісті. Мақсатымыз алдағы әлем чемпионатына ең лайықты ойыншыларды іріктеу дейді жарыстың бас төрешісі Дәулет Әбдікәрімов.