24 маусым
22:00
Ресейлік радио Нұрсұлтан Назарбаев туралы радиохабар әзірледі
 
2013 жылдың желтоқсан айында Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосының әуе толқынына шыққан Қазақстан Президенті туралы «Өрелі өмір өнегесі» хабарының орысша нұсқасы енді Ресейдің бірінші мемлекеттік радиосы арқылы берілетін болды.
 
Көрші елдің халқы бұл жобаны бір ай бойы тыңдайтын болады.
 
Бүгінде Ресейдің бірінші мемлекеттік радиосы  Махмұд Қасымбековтің «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітабының аудионұсқасын дайындап жатыр.
 
Мәтінді оқыған - Кеңес одағының Халық әртісі Василий Лановой.