18 маусым
20:01
Шетел ғалымдарын мойындатқан дәрігер
«Алыстағы ағайын» өзiнiң Шенолымен мақтанады! Гамбург қаласында тұратын Шенол Жәдiк ағамыз шетелдiң мықты ғалымдары мен докторлары мойындаған нейрохирург.
 
Жылына 500-ден аса науқасқа ота жасайтын, бiрнеше тiлдi меңгерген Шенолдын әрбiр минуты есептеулi және қымбат.
 
Десе де, бауырларымен қауышу үшiн алыстан ат арылтып, Берлинге келдi.
 
«Алыстағы ағайын» хабарының бүгінгі қонағы - Шенол Жәдік.
 
Айта кетейік, хабар бүгін 20:10-да Қазақ радиосының әуе толқынынан эфирге шығады. Бағдарлама жүргізушісі – Жазира Амантайқызы. Қапы қалмаңыздар!