27 маусым
10:00
Тұрғын үйді жаңғырту- 2020 бағдарламасы - Түркістанда
ОҚО-дағы көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту жұмыстары Түркістан қаласында  жақсы жүзеге асырылуда. Бағдарлама  шарапаты тиген көпқабатты нысандар  жаңаша кейіпке енді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша үйлері жаңғыртылған пәтер иелері жасалған жұмыстың қаржысын жеті жыл ішінде үкіметке қайтаруы тиіс.  Толығырақ тілшіміз  Ерсұлтан Әмірбек.
 
Әмірбек Ерсұлтан, Тілші
Түркістанда 105 көпқабатты үй болса, ең соңғы  тұрғызылғанының өзіне  30 жыл болған. Сондықтан «Тұрғын үйді жаңғырту – 2020» бағдарламасы-түркістандықтар үшін таптырмас мүмкіндік. Аталған бағдарламаның аясында өткен жылы 12 көпқабатты үй жөндеу көрген болса, биыл, 5 үйге құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, 12 үйдің құжаты әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін дайындалу үстінде, дейді Түркістан қаласының әкімі Бақытжан Әшірбеков. Бағдарламаның  жұртшылыққа тиімді тұсы мол. Пәтер иесі жөндеу жұмыстарына айына  2000 теңгеден төлеп, жаңғыртуға жұмсалған   қаржыны мемлекетке 20 жыл ішінде   қайтарады.