17 маусым
18:36
Үздік радиожурналистер марапатталды
Бүгін Алматыдағы Тілдерді дамыту басқармасының ұжымы Баспасөз күніне орай «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» қалалық байқауының жеңімпаздарын жариялады. Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тіл саясатының қазақ және орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуын қолдау, мемлекеттік тіл саясатын насихаттап жүрген жекелеген авторлардың жұмысына оң баға беру және оларды көтермелеу. Аталмыш додада журналистердің 50-ге жуық материалын арнайы комиссия қарады.
 
Нәтижесінде 4 номинация бойынша үздіктер анықталды. «Үздік радиожурналист» аталымы бойынша Қазақ радиосының редактор-жүргізушісі Жанар Оразымбетова бас жүлдені жеңіп алды.

 
Сондай-ақ, осы аталым бойынша мемлекеттік тіл саясатына бұқаралық ақпарат құралдарында белсене атсалысқаны үшін Қазақ радиосының редактор-жүргізушілері Айнұр Шәмшейтова (2-орын), Гүлназ Шалабайқызы (3-орын), Мөлдір Жанбаева (Алғыс хатпен),  Нұржамал Хасанқызы (Алғыс хатпен) да марапатталды.
 

 www.kazradio.kz сайты барлық жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтайды. Шығармашылық табыс тілейміз!