11 мамыр
18:00
«Мәңгілік даңқ» шеруі өтті
Мереке өтсе де Оңтүстік Қазақстан облысында соғыс ардагерлерін ардақтау жалғасып жатыр. Отырар ауданының әкімдігі 11 соғыс ардагеріне 140 мың теңгеден ақшалай сыйлық табыстады. Ал Шымкентте қан майданда қаза тапқан жауынгерлердің ұрпақтары тұңғыш рет «Мәңгілік даңқ» шеруін ұйымдастырды, деп хабарлайды тілшіміз Ерсұлтан Әмірбек. Екінші дүниежүзілік соғысқа Оңтүстік өңірінен 140 мыңнан астам жауынгер аттанып, жартысынан астамы елге қайтып оралмаған. Соғыстан оралмаған боздақтардың суреттері мен аты-жөндері жазылған тақтайшаларды қаза тапқан майдангерлердің туыстары Даңқ мемориалына алып шығуы бабалар рухына тағзымды білдіреді, - дейді шеруді ұйымдастырушы Зәуре Оралбаева.