09 мамыр
16:00
Нұралы Сәдуақасов ардагерді мерекесімен құттықтады
Қостанайда 100 жастан асқан Отан соғысының ардагері тұрады. Биыл 102-ге аяқ басқан Сергей Староконь Мәскеуден Берлинге дейінгі соғыс жолынан өткен. 1941 – 1945 жылдар аралығында танк дивизиясында қызмет еткен. Сталинград пен Киев түбіндегі шайқасқа қатысқан майдангер Отан соғысы ордені мен «Қызыл жұлдыз» медалінің иегері. Қостанайдағы меншікті тілшіміз Нұрқанат Құлабаевтың хабарлауынша, Жеңіс күніне орай қарт майдангерді облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов арнайы барып құттықтады. Ғасырдан ұзақ ғибратты ғұмыр кешкен қарияға облыс әкімі зор денсаулық тілеп, бағалы сыйлық тапсырды.