10 мамыр
11:00
Петропавлда Жеңіс күніне арналған автомотожарыс өтті
Петропавлдық автосүйерлер қалалық әкімдікке Жеңістің 69 жылдығы құрметіне автомотожарыс ұйымдастыру туралы ұсыныс тастады, деп хабарлайды BNews.кz. Патриоттық шараға 300 жүргізуші қатысты. Көліктерде соғыс жылдарындағы тулар желбіреп, әскери марапаттар, жұлдыздар бейнеленді. Таңғы сағат 9:00-ден автокөліктер бүкіл қаланы айналып шықты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акция – соғыс ардагерлеріне көрсетілген тағы бір құрмет белгісі мен жастарға арналған патриотизм сабағы.