09 мамыр
14:00
Жастар «Отан үшін» лентасын ойлап тапты
Петропавлда жастар ұйымдарының белсенділері қазақстандықтардың Отан соғысына қатысқанын білдіретін «Отан үшін» лентасын ойлап тапқандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Жаңа лентада әдеттегі қызыл қара жолаққа еліміздің туымен түстес көк жолақ қосылған. Ондағы қызыл түс сұрапыл соғыста төгілген қанды, қара жолақ қайғыны білдірсе, ал көгілдір түс ел байрағындағы реңге сәйкес таңдалып алынған. 5 мың данамен шығарылған ленталарды белсенділер бүгін «Біз есте сақтаймыз, біз мақтанамыз» акциясы аясында мерекеге қатысушыларға таратқан. Жастардың бұл бастамасы ардагерлер кеңесі тарапынан қолдау тапқан.