10 мамыр
16:00
Қырғыз Республикасындағы Қазақстан елшілігі қабылдау өткізді
Қырғыз Республикасындағы Қазақстан елшілігі Жеңістің 69 жылдығына орай мерекелік қабылдау өткізді. Іс-шараға соғыс және тыл ардагерлері - Қазақстан азаматтары мен Қырғызстандағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. «Біз барлық соғыс және тыл ардагерлеріне, өз өмірлерін қатерге тіге отырып, фашистерге қарсы соғысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Біз осы Жеңіс үшін өмірлерін қиғандарды әр кезде есте сақтайтын боламыз. Батырлардың даңқы мәңгі арта берсін», - деді шара барасында Қазақстан елшілігінің кеңесші елшісі Ербол Ахметов. Осыдан кейін ардагерлерге әскери патриоттық әндер шырқалған арнайы мерекелік концерт өткізілді.