Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда 20 жаңа су қоймасы салынады

Қазақстанда 20 жаңа су қоймасы салынады

Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді.

«Еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 20 жаңа су қоймасын салу және қолданыстағы 15 су қоймасын қайта жаңғырту, сондай-ақ 14 мың шақырымнан астам суару арналары мен гидротехникалық құрылыстарды жаңғырту жоспарлануда. Тасымалдау кезіндегі өнімсіз су ысыраптарын 50-ден 25%-ға дейін азайту және қолда бар су ресурстарын 2,4 текше шақырымға арттыру көзделіп отыр.
Бүгінгі таңда hydro.gov.kz цифрлық платформасын құру бойынша жұмыстар аяқталуда, онда су объектілерін, гидротехникалық құрылыстарды, су бассейндері мен аумақтарын, гидропосттарды және т.б. бейнелейтін бірыңғай су кадастры қалыптастырылады», - деді министр.

Фото: ult.kz